Нұрлан Қоянбаев ұлды болды

Белгілі продюсер, актер Нұрлан Қоянбаев желіде жақсы жаңалығымен бөлісті, деп хабарлады «NewTimes.kz» ақпараттық агенттігі.

Фото: Instagram/ koyanbayevnurlan

Бұл туралы ол өз Instagram-парақшасында жариялады.

«Сүйінші, ағайын! Қазақ еліне + 1 батыр! Барлық құттықтауларыңызға мың алғыс. Сіздерге де осындай қуаынш тілеймін!» — деп жазды ол.

Жазба астында продюсерді белгілі жұлдыздар құттықтады.

Айта кетейік, жақында Нұрлан Қоянбаев Instagram-да Қазақстанның көк туын әлемдік рекордтқа шығару үшін өз көрермендеріне талаптар қойды.