Роза Рымбаеваның келіні қыздарды ұзататын болыпты

Әнші Ақерке Бүркітбай өзінің жақын сіңлісін ұзатқан болатын. Желі қолданушылары оның ұлттық образына тәнті болды, деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпараттық агенттігі.

Фото: Instagram/ akerkeburkitbay

Ұзату тойдан бейнежазбаны әнші өз Instagram парақшасына жариялады.

«Қызың жақсы болса бір бақыт, ұлың жақсы болса мың бақыт, келінің жақсы болса – шын бақыт» деп қазақ атам айтқандай, бүгін Ырысгүлі сіңлім өз отбасына, келіндік өміріне қадам басып, осы қуанышта ортаға әдемілеп алып шығу рәсімі маған бұйырды», – деп жазды ол.

Ал желі қолданушылары «Ұлттық киім сізге қатты жарасады екен», «Ақерке даусың да, өзіңде тамашасын», «Роза Қуанышқызының келіні сондай сұлу», «Келiн енесінің топырағынан деген сөз бар» деп пікір қалдырды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Akerke Burkitbay (@akerkeburkitbay)