Қимылы ширақ қария турникке тартылып, көпшілікті таңғалдырды

Ширақ қимылды қарияның турникке тартылған видеосы әлеуметтік желіде кеңінен таралып, ол көпшіліктің таңданысын тудырды, деп хабарлады turkystan.kz.

Фото: бейне скриншоты

Бейнежазбада ақсақалдың белтемірге еркін тартылғанын көруге болады.

«Турникке тартылмағалы көп болды. Шаршап жүрмін. Бірақ барымды салып тартылып көремін. Онға жеткізсем сол да олжа», – деді ол бейнежазбада.

Ешкімнің демеуінсіз турникке тартылған атаның қимылына көпшілік риза болысып, таңданыстарын білдірді.

В статье: