Астанада 31 жастағы әйел 16-шы қабаттан секіріп кетті

Нұр-Сұлтан тұрғыны көпқабатты үйдің 16-қабатынан секіріп кетті. Тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Фото: pixabay

Қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратынша, 15 маусым күні «102» нөміріне Е-753 көшесіндегі үйдің ауласында мәйіт табылғаны туралы ақпарат түскен.

«Полиция қызметкерлері әйелдің жеке басын анықтады. Ол елорданың 31 жастағы тұрғыны болып шықты», — делінген хабарламада.

Полиция марқұмның 16-қабаттан секіріп кеткенін нақтылады. Бұл фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Бірқатар сараптама тағайындалды.

В статье: