«Кім біледі, бәлкім бір күні шынымен де...»: Роза Рымбаева өзі туралы кино түсірмекші

Роза Рымбаева өзі туралы кино түсірмекші. Бұл туралы әнші өзінің парақшасында жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Фото: instagram / rozarymbaeva

«Ұлдарым жасаған тизер. Кім біледі, бәлкім бір күні шынымен де осындай киноны сіздерге ұсынармыз. Ал, сіздер осындай киноны көретін едіңіздер ме?» — делінген жазбада.

«Сіз туралы ертерек кино түсіру керек еді», «Нағыз легендасыз», «Әрине, көреміз», деп желі қолданушылары әншіні қолдап, жарыса пікір қалдырды.