Тоқаев латын әліпбиіне қашан ауысуға болатынын айтты

Ұлытау облысында өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың отырысында ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев латын әліпбиіне көшу туралы сөз қозғады, деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпараттық агенттігі.

Фото: Shamil Zhumatov/Reuters

«Мен Тіл білімі институтына қазақ тілінің жаңа орфографиясы туралы арнайы еңбек әзірлеуді тапсырдым. Содан кейін ғана латын әліпбиіне ауысу жөнінде айтуға болады.

Асығыстыққа жол бермеуіміз керек. Тіпті, көшедегі билбордтар мен министрліктердің атауына қарасақ та жеткілікті. Тіліміз бұрмаланып кетті. Ашығын айту керек, бұл қазақ тілінің табиғатына жат, тіпті, тілімізді мазақ қылу сияқты көрінеді. Мұндай үстірт жасалған тіл реформасының қажеті жоқ. Бізге нақты реформа керек», — деді мемлекет басшысы.