Актриса Рано Омарова ажырасудан кейін қандай күйде болғанын, әрі қарай не істеу керектігін білмегенін айтты. Рано өзі сияқты күйге түскен келіншектерге кеңесін айтты, деп хабарлайды Stan.kz.
«Ол тақырыпқа ұзақ уақыт бойы тоқтап, өзіңізді аяп, кінәлі адамды іздеп, көп уақыт жоғалтуға болады. Қазір уақыт тез өтеді. Бір күн үш күнге татиды.
Сондықтан ол уақытты өзіңізге арнағаныңыз дұрыс. Мен сізді жақсы түсінемін. Мені бұрыннан оқитын болсаңыз, менің де ажырасқанымды білесіз. Мен де өзімді жоғалтып алдым.
Әрі қарай қалай қарай бағыт алатынымды, жалпы не істерімді білмедім. Жалғыз қалғандай, алдымда бірнеше жол тұр, бірақ оның қайсысына барғаным дұрыс екені белгісіз.