Диана Қырықбай: «Үш-төрт жігітпен араласып, жақсысын таңдау керек»

Бір жігітке ғана қарап отырсаңыз, ол сізден кетіп қалады. Танымал тележүргізуші, блогер Диана Қырықбай қыздарға кеңес берді, деп хабарлайды sn.kz.

Фото: Instagram/ diana_kyrykbay

«Тәрбиелі, текті жерден шыққан қыз 3-4 жігітпен араласа алады. Тұрмыста болмасаңыз, сізге құда түспесе жігіттермен сөйлесе бересіз. Бір жігітке ғана қарап отырсаңыз, ол сізден кетіп қалады», — деді жүргізуші.

Сондай-ақ ол қазіргі заманның өзгергенін алға тартады.

Айта кетейік, блогер бұған дейін де ерлер қауымының шымбайына бататын өткір сөздерімен жұртшылыққа жақпай қалған.