Қолы жоқ такси жүргізушісіне халық ақша жинап, су жаңа көлік әперді

Мүмкіндігі шектеулі такси жүргізушісіне халық ақша жинап, жаңа көлік сыйлады, деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпараттық агенттігі.

Бұл туралы журналист Мақсат Толықбай Instagram парақшасында бөлісті.

«Сүйінші! Алты алаштың атынан Ақарысқа темір тұлпар мінгіздік. Мүгедектігіне механика машақат болған таксишінің автомат алсам деген арманын орындадық. Кia k5 маркалы машина клиентке де, таксиге де қолайлы. Кореядан келген күйі осы. Ақырыс Қазақстандағы бірінші қожайыны. Құтты болсын, игілігіңізге мініңіз. Айта кетейін, осыған бірнеше күн бұрын яндекс таксиге отырдым. Қарасам, жүргізушінің оң қолы жоқ. Расында механика ыңғайсыз, коробка автомат алу керек қой дедім. «Оған жағдай қайда, арманым да сол» дейді. Қолым жоқ демей, күндіз-түні жолаушы тасып, бала-шағасын асырап, адал нәпақа тауып жүрген азамат. Ақарысқа коробка автомат көлік сыйлап қуантсақ қайтеді» деп ұсыныс тастаған едім, инстаграмдағы ағайын қолдай кетті. Сол үшін қара ормандай қалың қолдаушы оқырманға мың алғыс!» – деп жазды ол.

          Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Мақсат Толықбай (@maksattolykbai)