Bala әріптесінің үйлену тойында биді жарды

Желіде танымал қазақстандық топтың кіші мүшесі әріптесінің тойында билеген видеосы пайда болды, деп хабарлайды NewTimes.kz ақпараттық агенттігі.

Кадр

Күні кеше Ninety One тобының жетекшісі Zaq-тың үйленгені туралы белгілі болды. Оның үйлену тойындағы видеолары әлеуметтік желіде тарап кетті. Көптеген жанкүйерлері үшін бұл күтпеген жаңалық болды, өйткені рэпер өзінің жеке өмірін жасырын ұстайтын.

Әншінің таңдаулысы макияж жасайтын қыз екені белгілі. Оның Instagram-дағы парақшасында 31,5 мың оқырманы бар.

Кадрларға қарағанда, той біраз қызықты шоу-бағдарламамен өтті. Тіпті топ мүшелерінің өзі, оның ішінде күйеу жігіт те әндерін шырқады. Ал топтың ең жас мүшесі қалпақ киген биімен және маракаспен көпшіліктің көңілін көтерді.