Ішерге су тапшы: Талғар тұрғындары кірлерін әкімдік ғимаратында жуып жүр

Әйел осы іс-әрекеті арқылы Талғар ауданындағы су тапшылығы проблемасына назар аудартуды көздеген, деп хабарлайды Skifnews ақпарат агенттігі.

Фото: Кадр видео

Желіде әкімдік ғимаратында кір киімдерін жуып отырған әйелдің видеосы тарады.

Әйел осы іс-әрекеті арқылы Талғар ауданындағы су тапшылығы проблемасына назар аудартуды көздеген. Ол тек кір жуып қана қоймай, смартфонына не болып жатқанын түсіріп жатыр.

«Мұнда мен ұялатын ештеңе жоқ», − дейді әйел.

Оның жанында дәлізде отырған екі кішкентай бала бар.