ҚР ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбіш іс бойынша Кәрім Мәсімов ісі және басқа да айыпталушыларға қатысты жауап алынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сондай-ақ, Самат Әбіштің ұсталған бұрынғы ведомство басшыларына қатысты қылмыстық іс бойынша куәгер екені хабарланды.
«С.Әбіштен К.Мәсімовке, Садықұловқа, Ерғожинге,Осиповке қатысты істе және ҚР ҚК 366-бабының 4-бөлігі, 175-баптың 1-бөлігі, 179-баптың 3-бөлігі, 218-баптың 3-бөлігінің 3-тармағы, 362-баптың 4-бөлігінің 3-тармағында көзделген қылмыс белгілері бойынша қозғалған қылмыстық істер бойынша куәгер ретінде жауап алынды.
Ұлттық қауіпсіздік органдары С.Әбішке қатысты қылмыстық істерді тіркеген жоқ, бұлтартпау шарасы таңдалмады», – делінген ҰҚК хабарламасында.