Мәскеуде оқыған қазақ қызы диплом алу рәсіміне ұлттық киіммен келді

Ресейде білім алған қазақ қызы диплом алу шарасына өзге түлектерден ерекше образбен келді, деп хабарлайды Экспресс К.

Видеодан кадр

Қолына диплом алған жас маман салтанатты шараның видеосын ТікТок парақшасында жариялады. Бойжеткен Мәскеуде өтетін диплом алу рәсіміне қандай киім киіп баратыны туралы ұзақ ойланғанын жазған.

Бейнежазбадан оның сахнаға ұлттық көйлек пен басына сәукеле тағып шыққанын көруге болады. Жас қыздың бұл образы залда отырғандарды да таң қалдырғанын байқауға болады. Бәрі ду қол шапалақтайды.