Әнші Төреғали Төреәлі кезекті тойда өнер көрсетіп, ыңғайсыз жағдайға тап болды. Бейтаныс ару өнер иесімен суретке түсіп жатып, оны бетінен сүйіп алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Төреғали Төреәлі өзі тап болған жағдайдың видеосын Instagram парақшасында бөлісті. Онда әншінің бірнеше қызбен фотоға түсіп жатқанын көруге болады.
Алайда арулардың бірі сүйікті әртісін бетінен сүйіп алады. Отбасылы жұлдыз бұл қызықты жайтқа қатысты пікір білдіріп те үлгерді. Ол өз ойын әзілмен жеткізген.
«Қыздар мен сендерді жақсы көремін. Тек Толқын ұрысады», – деп жазды ол.
Желі қолданушылары видеоны қызу талқылап, оған қатысты түрлі пікір білдіріп жатыр.
«Біреудің күйеуін сүю дұрыс емес. Қанша жерден жанкүйері болсаң да», «Төреғали өзі де күтпеген секілді», «Толқыннан ұрыс еститін болды», «Меніңше тым ерсі», – деп жазуда көпшілік.