Молда: «Тозақта әйелдер көп болады екен»

Әлеуметтік желіде тараған видеодағы діндар оның себебін де түсіндіріп беріпті, деп хабарлайды Экспресс К.

Видеодан кадр

Ол әйелдердің тозаққа көбірек түсуін мойындамаумен байланыстырады. Молданың айтуынша, мәселе дінге, құдайға не болмаса пайғамбарға сенбеу емес, күйеуіне разы болмауында екен.

«Күйеуі үнемі көйлек әпереді, төркініне апарады, қыдыртады. Келесі бір шығатын кезде көлігі бұзылады, не айлығы түспей қалады , шұғыл шаруасы шығады да, бара алмайды. Сонда әйел «Маған келгенде өмірі осындай» дейді. Міне, осы сөзбен бәрін жоқ қылады», — дейді ол.