БАҚ: Бекболат Тілеухан Түркия азаматтығын алуға өтініш берді

Экс-депутат Бекболат Тілеухан Түркия азаматтығын алуға өтініш берді. Бұл жөнінде еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары жарыса жазуда, деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.

Фото: instagram.com/bekbolat.tleukhan

Бірақ мұның рас-өтірігі әзірше белгісіз. Түркиядағы дереккөздердің хабарлауынша, Бекболат Қанайұлы Ыстанбұлдан 6 бөлмелі пәтер сатып алған. Қазір сонда әйелімен және алты баласымен тұратын көрінеді.

Бүкіл әлемдік этноспорт конфедерациясының вице президенті болып қызмет атқаратын ол Түркияда отбасымен ықтияр хат арқылы тұрып жатыр.

Бұл ақпараттың анық қанығын білу үшін Бекболат Тілеуханның 1-2 номеріне хабарласқанда сөндірулі болды.

В статье: