Әнші, актриса Ақбота-Нұр мен актер Асылхан Төлеповтің сүйісіп жатқан видеосы желі оқырмандарын біраз шулатты. Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.
Актриса жақында ғана «Бақыттың кілті» атты жобасын аяқтап, жап-жаңа «Ақ пен қара» атты сериалдың түсіріліміне кірісіп кетті.
Бұл жолы Ақбота ханым Жәния есімді арудың рөлін сомдайтын болады.
Актер Асылхан Төлеповпен бірге ғашықтар рөлін ойнайтын Ақбота-Нұрдың #Сторис бөлімінде бүгін сезімге толы видео пайда болды.
Ернар(Асылхан Төлепов) мен Жанияның (Ақбота-Нұр) сезімге толы ыстық сүйістері желіні әп сәтте шулатып үлгерді.
Желі оқырмандары: «Не деген кайф а, мен болсам ғой Асылханның орнында»,«Қашан шығады екен»,«Мықты кино сияқты ғой», «Супер»,«Актриса күшті», «Ақбота соңғы уақытта мықты ойнап жүр», — деп пікір қалдырды.