Жуырда туған күнін атап өткен Мөлдір Әуелбекова қымбат көлікке ие болды. Instagram оқырмандары темір тұлпарды әншінің бұрынғы күйеуі сыйлады ма деген ойға келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Керісінше бәрі. Қайта соның кесірінен қаншама тер төгіп жүріп, өзім алған «камриімнен» айырылып қалдым. Аллаға тапсырдым. Ондайларға басқа айтар сөз жоқ қой», — деп жауап берді.
Мөлдір осы уақытқа дейін қымбат сый жасайтындай жомарт адамды кездестірмегенін атап өтті.
«Маған ешкім ештеңе алып бермеді. Өмірімде ондай мәрт адамды кезіктіріп көрмеппін. Осы уақытқа дейін жеткен жетістігім өзімнің 18 жылдық еңбегім. Аллаға шүкір», — деді ол.