Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Төреғали Төреәлі анасын туған күнімен құттықтап, оған естен кетпес тосынсый жасады. Өнер иесі өзіне өмір сыйлаған жанның құшағын сансыз гүл шоғына толтырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Төреғали Төреәлі анасын жаңа жасымен қалай құттықтағанын Instagram парақшасында көрсетті.
Ол туған күннен арнайы видео жариялап, оны көпшілік назарына ұсынған.
«Ассалаумағалейкум ағайын! Менің анамды туған күнімен құтттықтап, әкем екеуіне ұзақ ғұмыр зор денсаулық тілеңіздерші! Жандарбек Бұлғақовтың өлеңіне жазылған Ерген Айтымбетовтың тамаша әнін анашымның құрметіне тарту еттім», — деп жазды Төреш.
Бейнежазбада әнші үйінің ауласына мыңға жуық раушан гүлін алып келіп, анасына ерекше тосынсый жасағанын көруге болады.
Анасы үйден шыққан бойда Төреғали оны ән салып күтіп алады.
Мұндайды күтпеген әртістің анасы көз жасына ерік беріп, өзін құттықтап келген барша жандарға алғысын білдіреді.