Қостанай қаласының тұрғыны қазақстандықтардан аймақтағы өрттен зардап шеккендерге көмек сұрап видеоүндеу жасады, деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпараттық агенттігі Аdyrna порталына сілтеме жасап.
Ол қазір елде осындай қайғылы жағдай орын алғанда Украинаға көбірек көмек беріп, алаңдайтындарға ашынды.
«Шетелді айтып шырылдап жаны ашитын жұрт қайда? Терісіне сыймай жүретін патриоттар қайда? Бай-бағылан қайда? Сырттағы елге жаны ашығансып, әлеуметтік желіден шықпайтындар қайда? Мен қалталы азамат Марғұлан Сейсембайға сөз арнағым келеді. Қаншама отбасы үйсіз қалды. Өртеніп кетті. Біздің облысқа жүк көліктермен азық-түлік, көмек жіберіңіздер!» — дейді ол.