Әнші Нұржан Керменбаевтың төртінші перзенті дүниеге келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ұлды болған ол күні кеше әйелі мен жұбайын сән-салтанатпен перзентханадан шығарып алды. Ол атұстарына қандай есім бергенін жариялады.
«Дүниеге Болатбек Имран Нұржанұлы келді. Бар еңбек анасы мен әжелерінікі. Салмағы 3 келі 50 грамм, бойы 50 сантиметр. Келген қонақтарға мың алғыс», – деп жазды Керменбаев.
Сол сияқты әншінің жары Назерке Керменбаева қуанышымен Instagram парақшасында бөлісті.
«Альхамдуллиляһ. Алланың қалауымен Болатбек Имран Нұржанұлы патшамыз аман-есен дүниеге келді. Аяқ-қолымды бауырыма алып жеңілдеп, шүкір Алла деп жатырмыз», – деді ол.
Айта кетейік, жаңа туған сәбиден бөлек, Нұржанның екі ұл, бір қызы өсіп келеді.