Әлеуметтік желіде украиндық отбасының Қазақстанның әнұранын ықыласпен шырқаған видеосы пайда болды, деп хабарлайды NewTimes.kz ақпараттық агенттігі.
Осылайша, бұл отбасының мүшелері кішкентай балақайды бірінші сыныпқа дайындап, онымен бірге әнұранды үйренді.
Желі қолданушылары олардың орындауына тәнті болды.
«Тамаша», «Жарайсыңдар, жақсы шыққан екен, тек алға, бақытты болындар», Дұрыс, қай елдің суын ішсең, сол елдің тілінде жырлау керек. Көпке үлгі болар іс», — деп жазды видео астында.