«Ирина Қайратовна» тобының мүшесі үйлену тойын дүркіретіп өткізді

Қазақстандық шоу-бизнесте өзіндік орны бар «Ирина Қайратовна» тобының мүшесі Азамат Маркленов енді ресми түрде бойдақтар тізімінен шықты. Белгілі блогер өмірлік серігін жолықтырып, үйлену тойын дүркіретіп өткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram / arsmakeup

Жас жұбайлардың үйлену тойы Азамат Маркленовтың туған қаласы Семейде өткен.

Дүбірлі шараға жастардың туған-туыстары мен ет-жақындары жиналған. Олардың арасында атышулы «Ирина Қайратовна» тобының өзге мүшелері де бар.

Желі жұлдыздары қос ғашыққа ақ тілегін жолдап, барша қонақтар үшін өнерін де паш етті.

«Ирина Қайратовна» көпшілік сүйіп тыңдайтын хит туындыларын орындап, ерекше көңіл-күй сыйлады.

Айта кетерлігі, Азамат Маркленовтың таңдауы Шынар есімді аруға түскен. Бойжеткен туралы әзірге ақпарат өте аз. Қалыңдықтың музыкамен айналысатыны ғана белгілі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ИРИНА КАЙРАТОВНА (@irinakairattovna)