Әлеуметтік желіде әпкесінің шашын жинап жатқан әженің видеосы тарады, деп хабарлайды NewTimes.kz ақпараттық агенттігі.
Видеода ол оның шашын жинап, басына ақ орамал тағып береді. Қазақстандықтар екі әжеге тәнті болып, оларға ұзақ ғұмыр тіледі. Кейбіреулер тіпті осы посттың астына өз әпкелерін белгілеп қойған.
«Осындай күнге жетуге нәсіп етсін», «Ата-аналарымыз аман болсын! Жүз жасасын!» — дейді желі қолданушылары.