Павлодар облысының тумасы, блогер Алексей Лодочников Ресейдегі мобилизацияның Қазақстанға тигізіп жатқан әсері жайлы айтты, деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпараттық агенттігі.
Ол туралы видеоны өзінің Instagram парақшасына жариялады.
«Өмір деген не болып кетті, бәрі соғысып жатыр, адамдар бір-бірін көре алмайды, нацизм деген өте көп. Осы соғыстар бір адамның дұрыс емес айтылған сөзінің кесірінен басталады. Алысқа бармай-ақ қояйық, өзіміздің елімізде де нацистер өте көп. Көшеде келе жатасын, саған бір кісі жақындап, «Орыссың ба? Бар Ресейіне қайт!» дейді. Рас, болды осындай екі апта бұрын. Сонда менің ұлтым орыс болса, мен Ресейде өмір сүру керекпін ба? Мен Қазақстанда тудым», — дейді блогер.
Сонымен қатар Алексей қазіргі Ресейде өтіп жатқан мобилизация жайлы сөз қозғады.
«Әлеуметтік желіні ашсаң, толған нацизм, көп қазақстандықтар жазып жатыр «Ресейде қалыңдар орыстар» деп. Ол енді халықтың айтқанынан мәселе шешілмейді, оны билікте отырған адамдар шешеді. Бірақ тағы да айтып өтейін, билікте отырған адамдар, кім кіріп жатыр, кім шығып жатыр елімізден, бір статистика жүргізіп жатырсыздар ма? Әйтпесе бәрін кіргізсек елімізге, сосын шықпайды ғой олар, анау Украинадағыдай», — деп атап өтті Алексей Лодочников.