Жанар Айжанованың қызы жартылай жалаңаш суретін жариялап, желіні шулатты

Әлеуметтік желіде Айжұлдыз Адайбекованың купальникпен түскен суреті тарады. Фотоны сылқымның өзі ресми парақшасында жариялап, бұл қылығы үшін ұялмайтынын айтқан, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Фото: instagram/aizhuldyz_adaibekova

Қазақы салт-дәстүрді дәріптейтін Жанар Айжанованың қызынан көпшілік мұндайды күтпесе керек, желіде жағымсыз пікірді қарша боратты. Алайда хейтерлердің шабуылына дайын болған Айжұлдыз бұл қылығы үшін ем қымсынбайтынын ашық айтты.

«Жанар Айжанова қайда қарап отыр», «Жалаңбұт түспедің ба, арсыз», «Атың шықпаса жер өрте», «Жанар апайымыз қазақы дәстүр, тәрбиеге ерекше көзқараспен қараушы еді, қызы жалаңаштанып кетіпті ғой. Камшат Жолдыбаева әкпесінің ұстанымы ұнап жүр-ау Айжұлдыз қызға, ерсі көрінеді, жалаңаш қыздардың өміріне қызығады-ау шамасы!» – деп сынады желі қолданушылары.