Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдукәрімованың жеке өмірі жұрттың талқысына жиі түседі. Күні кеше танымал әнші әйелінен оңбай сөз естіді, деп хабарлайды Экспресс К.
Соңғы уақытта Жұлдыз отағасымен түскен фото-видеоларын жеке парақшасына салмай жүр. Мұны аңғарған оқырмандары Қайраттың әйелін балағаттап, күйеуінің суреттерін желіге жүктеуді талап еткен.
«Сен қатын нервке тимей Қайратты салсаңшы. Байы жоқ қатынға ұқсамай, Аллаға шүкір ет. Байың тірі ғой. Сен қатынды жақсы көруші едім, көңілім қалды. Қайроштай байың болса, не арман бар? Ертеңнен бастап суреттерін сал. Көретін болайық», — деп жазған оқырманының бірі.
Желі қолданушысының ашу-ызаға толы хатын Әбдукәрімова Instagram-дағы stories бөліміне салып, «Күлкімді келтірген хат» деп жазба қалдырған.
Бұл кездесуде Әбдукәрімова Қайрат Нұртастың үстіне киген киімін ұнатпай, бірден ұрса бастайды. Өйткені танымал әншінің жемпірінде сұлу қыздың суреті бейнеленген еді.
«Жоқ, қыз жетпей жүр ме, не мынау? Көкірегіңе қыз жабыстырып алып? Сені оқырмандар сұрап жатыр. Қайратты неге көрсетпейсіз деп. «10 жылдан кейін көрсетемін, себебі көз тиіп қалады» дедім. Апалардың сұрауы бойынша Қайратты stories-ке шығарып жатырмын», — деді Жұлдыз.
Ойда-жоқта үстіндегі киіміне шүйліккен келіншегінің сөзіне сасқалақтап қалған Қайрат отбасына қатысты көпшілікті қызықтырған сауалға төмендегідей жауап берді.
«Тірімін, ең бастысы жақсымын. Аллаға шүкір, отбасым қасында. Бірақ енді мені 10 жыл көрсетпейді. Сау болыңыздар», — деп күлді Қайрат Нұртас.
Күйеуінің бұл сөзін Әбдукәрімова да жауапсыз қалдырмады.
«Өмір алма кезек», — деп Жұлдыз қысқа қайырды.