Омбының қазағы мобилизацияға байланысты Ресейден кеткен қазақтарға ренішін білдірді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Оның айтуынша Омбыда 30% қазақтар тұрады, бірақта ротада 1000 адам ішінде бесеуі ғана қазақ.
«Қазақтар қайда кетті? Бәрің қашып кеттіңдер ме? Бұл жағдай тарихта болады. Балаларың «әке, сен ол кезде қайда болдың?» деген кезде не дейсіңдер? Мойындайсыңдар ма әлде өтірік айтасыңдар ма? Өз халқым үшін ұяламын. Өйткені қазақтардың көпшілігі Омбыдан қашып кетті. Сендер осы елде тұрдыңдар, ақша таптыңдар. Ал қазір ше? Осыдан кейін сендер кімсіңдер? Орыс халқының алдында басымды иемін. Өйткені мұндағылардың барлығы орыстар. Ресей не болса да жеңеді», — деді жас жігіт.