Депутат әнұранның бастапқы нұсқасын қайтаруды ұсынды

Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса ел әнұранының бастапқы нұсқасын қайтару қажет екенін жеткізді, деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпарат агенттігі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Видеодан алынған кадр

Депутаттың айтуынша, әнұран мәтініндегі кей сөздер қисынға келмейді.

«Әнұранның әні жақсы, сөзіне онша қосыла алмаймын. «Аман сау қалыппыз» деп екі рет айтудың әнұранға не керегі бар? Дәл қазіргі әнұранға кей авторлар жолдан қосылып, көптеген өзгеріс енгізіп жіберді. Кезінде Шәмші мен Жұмекен Үкімет үйінің емен есігінен де кіре алмады. Әнұранның мәтініне өмірден өтіп кеткен екі адамның ортасына барып Елбасымыз кірді деп бұған дейін де айтқанмын», — дейді ол.

Депутаттың сөзінше, әнұранның бастапқы нұсқасын қайтару – орынды іс.

«Өзгертсе, бұған дейінгі нұсқасын қалдыру керек», — деді ол.

Еске салсақ, республиканың қазіргі әнұраны Жұмекен Нәжімеденов сөзіне, Шәмші Қалдаяқовтың әніне жазылған «Менің Қазақстаным» әні 2006 жылы қаңтарда қабылданған. «Менің Қазақстаным» әнінің сөзіне Назарбаев өзгеріс енгізіп, әнұран ретінде алғашқы рет президент инаугурациясы кезінде орындалды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от KYN.KZ (@kyn.kz)