«Енді төбелеспеймін»: Төреғали Төреәлі бұдан былай тентек болмайтынын айтты

Жас жігіттің қабағын жарып, қамаудан кепілақы беріп босап шыққан Төреғали Төреәлі соңғы кездері басынан өткен жағдайларды әзілге айналдырды. Әнші ол үшін «Менің атым Қожа» фильміндегі Қожаның монологын пайдаланған, деп хабарлайды Экспресс К.

Фото: әлеуметтік желі

Айнаға қарап, өз-өзін тәртіпке шақырып жатқан Төреғали видеоны Instagram-дағы парақшасында жариялады. Онда әнші «Менің атым Қожа» фильміндегі Қожаға пародия жасап, енді тентек болмайтынын айтып жатыр.

«Ертеңнен бастап тентек болып бірде-бір баламен төбелеспеймін. Егер өзі тиіссе ше?! Онда «қой» де, «әйтпесе көкеңді танытамын» де. Егер қоймаса ше?» — дейді әнші.

Мұндай қадамға ол Көлсайдағы төбелестен кейін барған секілді. Естеріңізге сала кетейік, Төреғали Төреәлі гидті соққыға жыққаны үшін қамауға алынған болатын. Кейін әнші 10 млн теңге кепілақы беріп, бостандыққа шықты. Ал желі қолданушылары әзілге толы видеоға қатысты түрлі пікір жазып жатыр.

«Әй, Төреш, өлтірдің күлкіден»;

«Ер жігіттің басына не келіп, не кетпейді. Басында тұрған жоқпыз. Бұдан зоры да болып жатыр. Бастысы, бас жарылып, көз шыққан жоқ»;

«Қазағыңа жұдырық беріп, енді несіне кешірім сұрап отырсың?!»;

«Сонда әр бес жылда өзің әдейі хайп жасап отырсың ба? Халқыңмен ойнама!»;

«Емделу керек шығар. Қарапайым халықпен ойнағаның дұрыс болмады», — деп жазды желі қолданушылары.