Айгүл Орынбек: «Бекболат Тілеухан елден кетті, теріс ағымға тыйым салынсын!»

Белгілі құқық қорғаушы Айгүл Орынбек билік өкілдеріне үндеу тастады, деп жазады «Адырна» ұлттық порталы.

«Мәжілісте отырған 107 депутат назарына! Енді теріс ағым өкілдерінің атрибутына айналған қара нихаб киюге, беттерін бүркемелеп жабуға тыйым салатындай заң шығаруды ұсынамын! Қарсы шығатын Бекболат Тілеухан Елден кетті. Кімнен қорқасыздар? Ұлт болашағы үшін бұл заң бізге ауадай қажет», — деп жазды ол.

Сонымен қатар Айгүл Орынбек ҰҚК төрағасынан TikTok желісін қатаң бақылауға алуын сұрады.

«Ұлттық Қауіпсіздік Комитет төрағасы Ермек Алдабергенұлы, TikTok желісін бақылауға алуыңызды сұраймын. Түнгі сағат 12.00 бастап таңғы 06.00 дейін бетін бүркемелеп алған, қара жамылған жастар осылай насихат жүргізуде. Өздерінің салт-дәстүр ұстанбайтынын, жұма сайын иіс шығару харам екенін ашық айтады. Тек қыздар емес ер жігіттер де дәл осылай өздерінің көзқарастарының дұрыс екенін ашық талқылайды. Жастарымыздың саналары уланбас үшін, біз алдын алу профилактикасын жасауымыз керек. Сол себепті TikTok желісін бақылауға алыңыздар! Салт-дәстүрімізді сыйламайтын террористер көбейіп кетіп, ертең қолымызды кеш сермеп қалмайық», — деп жазды Айгүл Орынбек.

В статье: