Осыдан алты күн бұрын белгілі блогер, актриса Әсел Асқардың алты айлық сәбиінен айырылып қалған еді. Баласының өліміне қатты қайғырған блогер кеше көпірден секіріп өлмек болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Алайда Әселді жақын туыстары бұл ойынан бас тартуға үгіттепті.
«Көпірден секіріп, не қан тамырымды кесіп, көлік астына түсіп, не дәрі жұтып өлгім келді. Бірақ жақындарым бұлай жасасам тозаққа түсетінімді айтты. Мен шошып кеттім. Сөйтіп, ол ойымнан айнып қалдым», — деп жазды Әсел Асқар желідегі парақшасында.