«Дос-Мұқасан» музыкалық көркем фильмі үш аптада қомақты қаржы жинады, деп хабарлайды Экспресс К.
«Дос-Мұқасан» лентасы Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірілген жобалардың ішінде ең көп табыс әкелген фильм болды. Кино премьерасы басталғалы бері 270 млн теңге жинаған.
Бұл картинада әйгілі ансамбльдің құрылған кезеңінен бастап осы күнге дейінгі тарихы суреттелген.
Фильмнің сценарий авторы — Ефрат Шәріпов, қоюшы режиисері — Айдын Сахаман, бас продюсері — Айгүл Байбек.
Басты рөлдерді актер Мейірғат Амангелдин, Мақсат Сәбитов, Елдос Шайкенов, Саят Мақұлбаев, Айғаным Сағынбаева, Никита Погодаев, Нұрғиса Қуанышбайұлы және Әбілмансұр Серіков сомдады.
Биыл «Дос-Мұқасан» ансамбліне 55 жыл толғанын айта кетейік.