Қуат Хамитовтың жарақаттануына байланысты жекпе-жегі кейінге қалды

Аралас жекпе-жек шебері Қуат «Найман» Хамитов әлеуметтік желідегі парақшасында келесі кездесуі туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: prosports.kz

«Достар, жарақат алуыма байланысты кездесу болмайтынын жеткізуге мәжбүрмін. Бұл кездесу Алматыда желтоқсанда ұйымдастырылатын болар», - деп жазды ол.

Айта кетсек, «Найман» 28 қазан күні армян файтері Давида Хачатрянмен TOP Fight промоушенінде титулды жекпе-жегін өткізеді деп жоспарланған еді.

Оның алдында Қуат Хамитов р есейлік нокаутерді бірінші раундта жеңген.

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Атырауда өткен Mergen Fighting Championship 3 турнирінде хедлайнер болып, ресейлік Василий Бабинцевпен (6-6) айқас өткізді.

Ресей файтері осы уақытқа дейінгі бүкіл айқастарын нокаутпен аяқтаған болатын. Бірақ осы жолы қазақстандық жекпе-жек шеберіне есе жіберді.