Ләйлә Сұлтанқызының күйеуі Қайрат Беркінбаев қайтыс болды

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызының күйеуі Қайрат Беркінбаев қайтыс болды. Бұл туралы блогер Дәулет Мұқаев жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Фото: Caravan.kz

«Бүгін таңғы уақытта Қайрат Беркінбаев дүниеден озды. Қайрат ағаны бірнеше рет көргенмін. Өте биязы, сабырлы адам еді. Белді кәсіпкер, өз ісінің маманы еді. Әрі талай қайырымды іс жасап, қайырымдылықтың жаршысы болып жүретін. Аз сөйлеп, көп іс тындыратын. Жаныңыз жәннатта болсын!

Ләйлә Сұлтанқызы, бекем болыңыз! Отбасымызбен қайғырып көңіл айтамы», - деп жазды Дәулет Мұқаев.