Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы жолдасы Қайрат Беркінбаевтың қазасы жайлы жазба жариалады, деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпарат агенттігі.
Марқұмның әйелі жазбаны өзінің Instagram парақшасында қалдырды.
«Менің Қайрекем… Соңғы үш күн түсім сияқты. Сенгім де, мойындағым да келмейді.
Отасқанымызға 16 жылдан асты. Еркелетті, икемдеді, үйретті. Енді ғана, міне, ұлдар өсті дегенде…
Іштегі сезімімді айтарға сөзім, жазарға әріптерім де жетпейді. Қалдырған ізі, атқарған ісі көп, әлі де қанша жоспары бар еді… Олар туралы айтуға да қарсы болатын. «Алладан қайтады», — деп ауыз ашқызбайтын. Сіздерге де жиі айтпайтын себебім осы еді.
Қазір де иісі мұрныма келіп, сөзі құлағымда ойнап, көз жасым тоқтамай, қорқынышты түс көріп жатқандаймын.
Ағамның кеткеніне көп болмап еді, ал енді бәйтерегім құлады», — деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.
Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызының күйеуі Қайрат Беркінбаев қайтыс болғаны туралы хабар 6 қарашада тараған еді.
8 қарашада марқұмның неден қайтыс болғаны белгілі болды.