Фариза Төрәлі су жаңа автокөлікті қызылордалық иесіне табыстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ұлы дала баласының қос қарындасы бар. Үлкені Фариза жолдасымен бірге қазір АҚШ-та білім алуда. 18 жасында тұрмысқа шыққан ару қыз-келіншектерге психологиялық білім беріп, берекелі отбасының басты қағидаларын үйретіп жүр. Кезекті курс қатысушыларының арасында блогер 600 мың теңге және автокөлікті ұтысқа шығарды.
2022 жылғы темір тұлпарды қызылордалық келіншек ұтып алды.
«Өзінің аяғы ауыр екен. Және қазір 11 ай, финалға 11 адам болып кірді. Қызылорда -11 регион, көліктегі өзіміздің номер -11, түнгі 11-де жауап берді. Құранда 11:11 аятында «Алайда (екі жағдайда да) сабыр етіп (жақсылықтан үміт үзбей, орынсыз мақтангөйлікке басып шолжаңдамай Алланың разылығына бөлейтін) игі істер атқарғандардың жөні бөлек. Міне, сондай ізгі жандар үшін кешірім мен үлкен сый-сияпат бар» делінген. Бұйырған кетпейді, қуған жетпейді» деп ағынан жарылды.
Темір тұлпарды Қызылорда облысы, Қожакент ауылына өздері айдап барды. Көліктің иесі Қымбат мектеп мұғалімі екен.
Қазір сәбиін күтіп жүрген ол: «Мен бастапқыда өтірік деп ойладым. Үйге өзіміз алып келеміз деген кезде ғана сендім», – дейді көлікті ұтып алған Қымбат ханым.