Маңғыстау облысында «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасы аясында үлкен жұмыс атқарылуда. Көп қызық жобаралдың ішінде - «Маңғыстаудың интерактивті картасы». Ол өңірдің киелі, тарихи және мәдени нысандарының интерактивті картасын қалыптастыру арқылы, жергілікті бағалы құндылықтар, табиғи ландшафттар негізіндегі және мәдениетпен қалыптасқан мұралардың, тарихи архитектуралар, ескерткіштер, кесенелер, сондай-ақ, тарихи және саясы маңызы бар оқиғалардың орындарын халық арасында таратып, насихаттауды көздейді. «Ұлттық рухани жаңғыру» осындай және тағы басқа бағыттар туралы ИА «NewTimes.kz» тілшісіне Маңғыстау облысының әкімшілігінде баяндап берді.
Өңірдін мәдениеттік өмірі
Ұлттық рухани жаңғыру-ұлт болып қалыптасудағы ұлы қадам һәм мемлекетіміздің рухани дамуындағы бірден бір көрсеткіш болып табылады.
«Сән құрақ Fest» фестивалі өтті. Бұл фестивальдің негізгі мақсаты халық арасындағы кәсіби тігіншілікпен айналыспайтын қарапайым қолөнер шеберлерін халық арасында кеңінен насихаттау.
Осы «Сән құрақ Fest» фестивалі аясында олардың қолынан шыққан бұйымдардың көрмесі жасақталды. Көрмеге түрлі үлгіде тігілен құрақ көрпелер, жастықшалар, ұлттық ою-өрнектермен безендірілген қоржын-сөмкелер, сәнді көйлектер қойылды. Шара барысында шеберлер тігіс түрлері мен құрақ құрау үлгілерін тігін машиналары арқылы көрсетіп шеберлік сағаттарын өткізді. Қатысушы шеберлердің тіккен бұйымдары тұтынушылар көңілінен шығып қатысушылардың қызығушылығын арттырды.
«Би Шандозы-Шара» атты қазақтың тұңғыш кәсіби бишісі Шара Жиенқұлованың 110 жылдығына арналған мәдени кеш ұйымдастырылды. Кеш барысында жылжымалы көрме жасақталды. Көрмеге бишінің қайта жаңғыртылып дайындалған концерттік костюмдері, марапаттары орден, медальдары, фото суреттері, тұтынған бұйымдары қойылды. Көрермендер мұрағат құжаттарымен және цифрлық форматта жаңартылған бірегей фотоматериалдармен танысты.
Сонымен қатар мұрағат жазбаларынан Шара Жиенқұлованың сұхбаттарынан тұратын радиоконцерттің көрсетілімі мен «Қамажай» би байқауы аясында Маңғыстау облысы бишілерінің өнері халық назарына ұсынылды. Қазақстандық қоғам батырларының рөлдің моделін қалыптастыру Қоғам мен жастар үшін үлгі болған қарапайым замандастарының жеке басы мен адамгершілік іс-әрекеттерін ақпараттық танымал ету, қазақстандықтар арсында Отанға деген сүйіспеншілік сезімін арттыру мақсатында «Біздің арамыздағы батырлар» жобасы өткізілді.
Жобаға денсаулық сақтау, мәдениет, білім беру саласы қызметкерлері, құрылысшылар, этомәдени бірлестіктердің өкілдері мен меценаттар, кәсіпкерлер, дін істері басқармасының өкілдері, қала тазалығына жауапты мамандар, төтенше жағдайлар департаменті мамандары қатысты.Жобаға 29 адамның кандидатурасы ұсынылып 24 адам жеңімпаз атанып облыс әкімінің алғысмен және арнайы дайындалған «Біздің арамыздағы батыр» төсбелгісімен марапатталды.
«Mangystau Nauryz Fest — 2022» жастар фестивалі аясында белсенді жастар қаладағы Тарас Шевченко саябағына 40 түп тал отырғызды. Шараның мақсаты қаланы көгалдандыру, облыс орталығын жасыл-желекпен әсемдеп, табиғатқа жанашырлық таныту.
Ақтау қаласында жастарға патриоттық тәрбие беру, ел қорғаған батырлар ерлігін халық арасында кеңінен нсихаттау бағытында Ер Қармыс, Балуанияз батыр, Тұрыш Ишанға биіктігі 11 метр болатын стелла орнатылды. Маңғыстау өңірінің жаңа мәдениет объектілері іске қосылды Маңғыстау облысында 2025 жылға дейін 14 мәдениет объектісін салу және 70 мәдениет объектісіне жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланды. 2021 жылы 2 мәдениет объектісі іске қосылды:
Кітап және өз тарихымызға деген сүйіспеншілік
Мұнайлы ауданы Басқұдық ауылдық округінде кітапханасымен бірге 200 орындық ауылдық клуб, Жаңаөзен қаласының Кендірлі ауылында кітапханасымен бірге 300 орындық ауылдық мәдениет үйінің құрылысы аяқталды.
2021 жылы жергілікті бюджет есебінен 10 мәдениет объектісіне жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қарақия ауданында (1 объект) «Аққұдық» ауылдық мәдениет үйі; Маңғыстау ауданынан (6 объект) «Аудандық мәдениет үйі» және «Қызан», «Ұшатаған», «Тұщықұдық», «Шебір», «Онды» ауылдық мәдениет үйлері; Түпқараған ауданында (3 объект) аудандық және «Ақшұқыр» ауылдық мәдениет үйлері; Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің Түпқараған филиалының этнографиялық музейі. 2022 жылы 2 мәдениет объектісінің Қарақия ауданы Құрық ауылындағы музей мен Құланды ауылындағы мәдениет үйінің құрылысы аяқталды. Сонымен қатар, 14 мәдениет нысанына жөндеу жұмысы жүргізіледі.
Сондай-ақ 2022 жылы Жаңаөзен қаласындағы облыстық тарихи-өлкетану музейі филиалы мен С.Шапағатов ауылдық мәдениет үйі құрылысы басталып 2023 жылы аяқталады.2025 жылға дейін Мұнайлы ауданындағы Атамекен, Дәулет, Батыр ауылдарынан, Ақтау қаласының Өмірзақ ауылынан, Маңғыстау ауданының Жыңғылды, Сайөтес ауылдарынан мәдениет үйі мен кітапханасы, Жаңаөзен қаласынан театр Қарақия ауданынан аудандық кітапхана құрылысын салу жоспарланған.
Маңғыстау киелі жерлерінің географиясы
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында Жергілікті нысандар мен елді мекендерге бағытталған «Туған жер» бағдарламасынан бөлек, біз халықтың санасына одан да маңыздырақ — жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымын сіңіруіміз керек.
Ол үшін «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы нақтыланды. Нәтижесінде 100 нысан жал¬пы¬ұлт¬тық деңгейде, 500 ны¬сан жер¬¬гі¬лікті маңызы бар қасиет¬ті орын тізіміне енгізілді.
Маңғыстау облысы бойынша 15 нысан жалпыұлттық, 28 нысан жер¬¬гі¬лікті маңызы бар қасиет¬ті орын тізіміне енгізілді. Қазіргі таңда «Маңғыстаудың интерактивті картасы» жобасы әзірленген. Интерактивті карта жобасы (интернет-ресурс) — «Рухани жаңғыру» және «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламалары аясында, Маңғыстау облысының тарихи-мәдени қорығы мен мәдениет басқармасының тапсырысы бойынша әзірленген.
Маңғыстау облысындағы Қазақстанның 100 объектісінің ұлттық тізіміне және жергілікті маңызы бар қасиетті орындар тізіміне енгізілген қасиетті орындарды цифрландыру мақсатында жасалған. Тарихи және мәдени маңызға ие нысандар мен орындарға табиғи ландшафттар мен мәдени мұралар, зайырлы және діни сәулет ескерткіштері, кесенелер, сондай-ақ халықтың жадында сақталған құндылықтарға ие тарихи және саяси оқиғаларға байланысты жерлер кіреді.
Жоба әрі қарай әлі де толықтырылып, болашақта интерактивті картаға кірген маңызы бар нысандардың географиясын кеңейту жұмыстары жалғасын табатын болады.
Киелі және әдемі жерлер — туристерге «магнит»
Жергілікті жердегі қасиетті нысандарды насихаттау мақсатында өңірде алғаш рет «САРТАС» сапар орталығы жобасы жасалды. «Сартас» визит — орталығы Каспий теңізінің Түпқараған ауданына қарасты жағалауындағы Таушық ауылынан 32 шақырым қашықтықта орналасқан. Маңғыстау жерінде танымал «Жығылған», «Саура», «Тамшалы» сынды табиғаты ерекше жерлерге бет алған туристер «Сартас» визит —орталығына аялдап, тынығуға мүмкіндігі бар.
Жаңа нысанның күніне 100 адамды қабылдай алады. Жоба аясында келуші туристерге демалатын қонақ үйлер дайындалып, джип турлар, велосипед арендасы, квадроцикл турлары, хостел, глемпинг, жылқымен серуен және т.б. қызметтер көрсетіледі. Сонымен қатар балық аулау, саумал ішу қызметтері де ұсынылатын болады.
«Сартас» визит —орталығының негізін қалаушы кәсіпкер Ербол Байжігітов. Жоба бойынша жұмыс осы жылы басталды.
8 тамыз күні облыс басшысы орталық жұмысымен танысты. Жұмыс сапары аясында аймақ басшысы Түпқараған ауданы аумағында орналасқан тарихи және мәдени ескерткіштер — «Кенті баба» қорымы, «Шақпақ ата», «Сұлтан үпі» жер асы мешіттеріне зиярат етті.
Ұлттық жоба аясында волонтерлік бағытты дамыту
Әр жылы жаңа оқу жылы басталғанда жергілікті волонтерлік фронт-офис мүшелері өңірдегі университет және колледждерге барып волонтерлікті дәріптейтін кездесулер өткізеді, нәтижесінде жыл сайын 300-ге жуық жаңа волонтерлар жылдан-жылға қатарға қосылуда.
Атап айтқанда Алғыс айту күніне орай «Алғыс Айтамын» акциясы аясында волонтерлар бірнеше мекемелерге барып, қызметкерлерді, қала тұрғындарын, ҚҰРТпен құттықтау челлендж ұйымдастырды. Жастар алақандарына салған құртты ұсыну арқылы адамдарға алғыс білдірді.
Достық үйінде облыстық ҚХА ардагерлер кеңесі, облыстық ардагерлер кеңесі, этномәдени бірлестіктермен кездесу өткізіліп, ардагерлерге алғыс білдірілді. Шарада ассамблея жастары, волонтерлар өнер көрсетті. Наурыз мерекесі кезінде және «Таза Қазақстан» акция аясында волонтерлар «Қоғамдық келісім» мекемесі, этномәдени бірлестіктер, аналар кеңесі, ассамблея жастарымен бірге Достық үйі аумағында көгалдандыру жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар Қарақия ойпатында орналасқан жерасты бұлағының көзін ашып тазалық жұмыстарын жасады. Және туризімді дамыту мақсатында Ақтау қаласынан 70 шақырым жерде теңіз жағалауында ораналасқан Аша жерінде (Голубая бухта) сенбілік жұмысын ұйымдастырды.
Жастар және жұмыс: қандай игі істер атқарылуда?
Ағымдағы жылы өңірде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру бағытында жастар ресурстық орталықтарымен және жастар ұйымдарымен 100-ге жуық шара ұйымдастырылып, 5000-ға жуық жас қамтылды.
Аталған шаралар «Болашаққа сеніммен», «Кеңес алаңы», «Jastar Books», «Кәсіби бағдар», еркін форматтағы жастармен кездесу жобалары аясында жүзеге асырылуда. Аталған жобалардың басым бағыты NEET санатындағы яғни жұмыс жасамайтын және оқымайтын жастарға бағытталған. Жастарды әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамтамасыз ету мемлекеттің басты басымдықтарының бірі болып табылады.
Облыстық Статистика департаментінің мәліметіне сәйкес, 2022 жылғы 2 тоқсанда барлық жұмыссыз адамдардың саны 18,2 мың адамды құрады, жұмыссыздық деңгейі 5,1%-ды құраса, жастар жұмыссыздығының деңгейі — 3,6 пайызды құрайды. 2022 жылғы 27 қыркүйектегі жағдай бойынша жұмыспен қамту орталықтарына жұмыссыздық мәселелері бойынша 14 943 жас жолығып, бағдарлама шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларымен 10 013 адам қамтылды, оның ішінде ауылдағы жастардың саны — 5 030 адамды құрады.7 750 жас әртүрлі уақытша және тұрақты жұмыстарға орналастырылды (қоғамдық жұмыс орындары — 2358 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына — 154 адам, жастар тәжірибесіне — 968 адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы шеңберінде — 132 адам, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасына — 1 адам жолданды).
Халықты жұмыспен қамту орталықтарымен тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру бойынша белсенді жұмыс атқарылуда. Осылайша, жоба шеңберінде жұмыс берушілер мәлімдеген бос жұмыс орындарына 4 137 адам жұмысқа орналастырылды. Сонымен қатар, жұмыс берушілердің сұратуы бойынша оқу ұйымдарында 50 адам кәсіптік оқуға жолданды (повар, массаж, элктрогазосварщик, программист), 232 жас онлайн-оқытудан өтуде.
Жоғары білімнің қолжетімділі мен сапасын арттыру мақсатында республикалық білім грантымен қоса Маңғыстау облысының түлектері үшін 6000 білім гранты қаралды. Түлектер еліміздің Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Ақмола, Алматы облыстарында орналасқан 44 жоғары оқу орындарының жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика, инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, педагогикалық ғылымдар бағыттары бойынша конкурсқа қатысуда.
Жергілікті бюджет есебінен өңірге қажетті мамандықтарға жыл сайын білім гранты бөлініп келеді. Биыл 175 білім гранты қаралды. Одан өзге, Маңғыстау облыстық білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша «Қазмұнайгаз» ҰК қолдауымен жүзеге асырылатын «Жарқын болашақ» жобасы аясында Жаңаөзен қаласының 1000 оқушысын еліміздің 100 колледжінде оқыту ұйымдастырылуда. 30 маусымнан бастап жоба туралы бұқаралық ақпарат құралдарында («Жаңаөзен» телеарнасы, «Жаңаөзен» газеті) және әлеуметтік желілерде жан-жақты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
11-20 шілде аралығында 86 колледждің өкілдері Жаңаөзен қаласына келіп, түлектермен кездесулер өткізеді. Қазіргі таңда, Алматы, Нұр-Сұлтан, Қостанай, Қарағанды, Көкшетау, Петропавл, Павлодар, Семей, Өскемендегі 78 колледжге оқуға 146 бала өтінімдерін берді. Жаңаөзен қаласында 37 544 жас бар. 14-29 жас аралағындағы жұмыссыз жастар саны — 2392 NEET санаты бойынша жастар саны — 572 мектеп оқушылары — 11 1164 Пробация есебінде тұрған — 68 Қалада 10-ға жуық белсенді үкіметтік емес ұйым қызмет атқарады. Атап айтсақ, «Жаңаөзен қалалық азаматтық бастамасы» ҚБ, «Ауған соғысы ардагерлері» ҚБ, «Шамснұр» ҚБ және тағы басқалары.
Мектеп түлектеріне кәсіптік бағдар беру мақсатында жоғары оқу орындарының өкілдерімен Ақтау мен Жаңаөзен қалаларында, Бейнеу ауданында кең көлемде «Мамандығым — табысты өмірдің кілті» тақырыбында кездесулер ұйымдастырылды. Өңірде «Mangystau Nauryz Fest — 2022» жастар фестивалі, «Кешкі шәй» және «Mangystau Stand up» шаралары ұйымдастырылып, 3000 жуық жас қамтылды.