Түркияға саяхаттап барған Айжан Базкованың анасы Стамбұлда лаңкестік әрекет болғанда, сол маңда жүріпті, деп хабарлайды Экспресс К.
Ол бұны анасының Instagram-дағы суреттеріне қарап білген.
«Анама сим-карта сатып ал дедім, ол алмаған, ақшасын аяған. Содан Стамбұлда теракт болды дегенді оқып, анамның желідегі суреттеріне қарасам, дәл сол көшеде жүріпті. Оған хабарласып, дауысын естігенше, есімнен адасып кете жаздадым», — дейді Айжан Байзақова.
Қазақстанның cыртқы істер министрлігі Стамбұлдағы лаңкестік әрекеттен зардап шеккендердің арасында еліміздің азаматтары жоқ деп хабарлады.
Абырой болғанда, Байзақованың анасы зардап шекпеген. Ол жиен сіңілісімен сол жарылыс болған көшеде қыдырып жүріп, сіңілісінің басы ауырған соң қонақ үйге қайтып келіпті.