Соңғы кездері көрген көпшіліктің үрейін ұшыратын ырым-тыйымдар желге жиі шығатын болды. Осыған дейін көпшілк қандай оғаш дәстүрлерге куә болды? Caravan.kz медиа порталы көпшіліктің қызу талқсына түскен ерекше салт дәстүрлерді еске түсіріп көрді.
Әлеуметтік желіде кішкентай баланы жылатып, қылқындырып жатқан видео тараған еді. Видеода мал сойылып, малдың өңешімен, шамамен 2-3 жасар баланың тілі шықсын деген ырыммен қылқындырып жатқаны түсірілген. Бұл ырым сөйлемей жүрген бала, сөйлеп кетеді-мыс. Кейбір оқырманадар оны шикі ішек дегенді айтқан.
Ғаламторда күйеу жігіт пен қалыңдықты жерге отырғызып, басынан шикі етпен ұрғылағандардың әрекеті қызу талқыланды. Ырымның бұл түріне таңданыс білдіргендер көп. Видеоға бір-біріне арқа сүйеп отырған жас жұбайларды ақ жаулықты аналар шикі етпен аластап жатқаны түскен. Олар жас жұбайлардың төбесіне ақ орамал қойып, екеуінің басынан алма-кезек етпен ұрғылайды.
Сондай-ақ, ғаламтор арқылы тараған жаңа түскен келіннің басына жылқының жүгенін тағып, ары-бері жетектеген ененің әрекеті де елді таңдандырған.Онда жүгенделген келінді енесі бөлмені айнала жетектеп жүр. Бұл рәсімге тағы бірнеше әйел жиналған.
Біраз бұрын желіде әйелдер тыржалаңаш қатысатын «түйе шешпек», «тайлақ тартпақ» немесе «жалаңаш би» деп аталатын ойынның фотосы тараған. Ашық дереккөздерге сүйенсек, бұл ойын қазақта ғана емес, түркі тайпаларында болған. Ойынның шарты бойынша үстінде қалың кілем жауып, асыл бұйымдар артқан түйенің бұйдасын жалаңаш әйел тісімен шешіп жетектеп әкетуі керек. Оған жас келіншек шығады екен. Өткен ғасырда Ұлытау баурайында болған аста «түйені шешпекке» шыққан әйел «үлкендерінің көрген жерің, кішілерің туған жерің» деп келіп, шөккен түйенің бұйдасын тісімен шешіп әкеткен делінеді.