Әнші Ерке Есмахан желі қолданушының ерекше пікіріне жауап берді.
Бұл туралы Экспресс К хабарлайды.
«Сіздің күйеуіңіз болуға тек Тоқаев лайықты!». Дәл осындай жазбаны әншіге желі оқырманы жазған. Оны Еркенің өзі Instagram-дағы Stories бөліміне жария етті.
Өнер иесі өзіне қарата жазылған қызықты пікірге жауап беруге тырысыпты.
Әншінің айтуынша, егер ол президенттің әйелі болса, телеарналардан жиі көрініп, атақтың бәрін иеленетін көрінеді. Бірақ өнер иесіне қазіргі өмірі көбірек ұнайды екен. Ол өзіне көптің назарының аударылғанын көтере алмайтынын жеткізді.
«Ол кісіге күйеуге шығып алып, атақтың бәрін алып, апта сайын концерт жасап, каналдардың бәріне тек Ерке Есмахан деп жаңалық жасатып қуып кетермін. Ондайды көтере алмаймын. Осының өзінде әрең жүрмін. Маған қарапайым жігіт жарайды», — дейді Ерке Есмахан.