«Отырысының өзі сүйкімді!»: Көлік жүргізген әже қазақстандықтарды сүйсінтті

Казнетте автокөлік жүргізіп жүрген апаның видеосы тарады, деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпарат агенттігі.

Видеодан кадр

TikTok желісінде пайда болған видеоға жұрттың барлығы тамсанып, жасы келсе де көлік жүргізіп жүрген апаға сүйсінді.

Оқырмандардың айтуынша, қарт жүргізуші Шымкент қаласында тұрады. 

«Әже мықты ғой, керемет»;

«Менің көршім Бәтима апа ғой. Шымкентте тұрады»;

«Мұнау маған мықты мотивация болды»;

«Жаным, отырысының өзі сүйкімді»;

«Сондай күшті, осылай жүргеннің өзі қандай жақсы», — деп жарыса жазуда желі қолдаушылары.