«Көтере алмады ғой» - Ләйла Сұлтанқызына шұғыл түрде ота жасалды

Ләйлә Сұлтанқызына шұғыл түрде операция жасалды, - деп хабарлайды Caravan.kz порталы.

Фото: Caravan.kz

Желіде Ләйлә Сұлтанқызының көмекшісі жазба жариялады.

«Алматыға не үшін келгенімді айтайын. Ләйлә ханымның денсаулығы сыр беріп, жедел түрде ота жасалды. Қазір жағдайы бір қалыпты. Байланысқа өзі шығады. Денсаулықтарыңызды күтіңіздер»,- деді.

Желі оқырмандары: «Көтере алмаған ғой», «Жаныым», «Сауығып кетсін», «Жазылып кетші алтын қыз»- деп пікір жазды.