«Менің еңбегім сіңді, аяқ астынан шыға салған адам емеспін» - Қабатовтың әйелі

Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқанова осы күні event-бизнеспен айналысады. Ол кәсіпкерлікте жетістікке жету оңай болмағанын айтты, деп хабарлайды Экспресс К.

Стоп-кадр из видео

"Хабар" арнасындағы "Не хабар" подкастында ол университет бітірген соң, мемлекеттік қызметте істеп, тіпті тұрғын үйге қол жеткізгенін де айтты.

Дипломды қолға алған соң, бірден жұмысқа кірістім. Көбісі, үйде отырып, бірден жарық етіп шыға келді деп ойлайды. Олай емес. Бірақ елге еңбегім сіңді. Мемлекеттік қызметте істедім. Тіпті, тұрғын үй де алғанмын. Бәрі шынайы,

— дейді Мөлдір Мұқанова.

Ол көпбалалы ана. Сондықтан таңғы тоғыздан кешкі алтыға дейін бір кабинетте отыра алмайтынын, сондықтан мемлекеттен қызметтен кеттім дейді. Бірақ үйде де қол қусырып қарап қалғысы келмеген. Сол себепті кәсіп бастаған.

Ер адамдардың арасында әйелдер үйде отыру керек дейтіндер бар. Бұған келіспеймін. Баланы тәрбиелеп жатқан әйел. Қалада әйелдерде бос уақыт көп. Түскі ас пен кешкі астың арасында әйелдердің түрік сериалдарын қарайтынын байқаймын,

— дейді кәсіпкер.

Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы одан да сол уақытта әйелдерге кәсіппен айналысып көргені дұрыс деп санайды. Сосын кәсіппен айналысу үшін миллиондаған кредиті алғанын да жасырмады.

Бізде қолма-қол ақшаға барып ала салған жоқпыз. Ай сайын банкке барып төлем жасайтын кезде таңақалатындар көп. Бизнес деген оңайшылықпен келмейді. Сабырлық, жомарттық керек. Біз әлеуметтік желіде тек әдемі сәттерімізді ғана көрсетеміз,

— дейді Мөлдір.