Әлеуметтік желіде Тоқтар Серіков пен Мейрамбек Бесбаевтың 18 жасын Алматыда достарының арасында атап өткен суреті тарады, деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпарат агенттігі.
KAZ.NUR.KZ порталының жазуынша, жастық шақтың қызықты естелігін дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаева Instagram желісінде бөлісті.
«Осы суреттің түпнұсқасы. Күзде туған Тоқтар мен Мейрамбектің «18 жас» деп жасаған туған күндерінен естелік. 1994 жыл, Алматы қаласы. Тоқтар жасарғысы келді ме, 19-ға толса да, жоғарыға «18 жас» деп жазғаны әлі күнге дейін жұмбақ күйде қалды. Бәрі көз алдымызда. Осы кештер кеше ғана болған оқиғадай», — деп жазды Айгүл Елшібаева.
«Қайран жастық шақ. Бұл естелікке де отыз жыл болып қалыпты ғой. Достықтарыңыз мәңгі ажырамасын. Жігіттерде баламұрт, қыздардың шашы қолдан бұйраланған, кездер-ай. Кешегі - сурет, бүгінгі – тарих», — деп жазды желідегілер.