Айтыскер Айшолпан Тілеутай продюсері Мөлдір Мұқановамен сыйыспай, кетіп қалды

Айтыскер ақын Айшолпан Тілеутай продюсері, әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқановамен келісім-шартты тоқтатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Экспресс К.

Фото: instagram.com / moldir.mt

Айшолпан «1001 түн» бағдарламасында осыған қатысты сұрақтарға жауап берді.

«Біз ақылдаса келе екіжақты келісім-шартты тоқтатуға бел байладық. Себебі менің жүретін жолым, бағытым басқа екенін түсіндім. Айтыскер ақын болғаннан кейін көп адамға көне бермеймін. Еркелігім де болды, қысқасы сыймай қалдым», — деп күледі айтыскер.

Айшолпанның айтуынша, қазір оған хабарласып жатқан басқа да продюсерлер бар. Алайда ол енді өзінің жеке шығармашылын дамытуға күш жұмсамақ.

Еліміздегі танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі үнемі даулы жағдайларға қалып жатады.

Осыған орай Мөлдір Мұқанова «менің еңбегім сіңді, аяқ астынан шыға салған адам емеспін» деп мәлімдеген еді.