Қазаққа келін болған қытайлық әйел адамдарды таң қалдырды

20 жылдан бері қазақ отбасына келін болып келген Жауһар есімді әйел қазақ тілінің маңыздылығына ерекше тоқталды, деп хабарлайды Экспресс К.

Видеодан кадр

Желіде өзін «қытайлық келін» деп таныстырған әйелдің видеосы жарияланды.

Ол қытайлықтарға қазақтың салт-дәстүрі мен мәдениетін қытайша таныстырып жүргенін айтты.

«Әдемі екенсің»;

«Түріңіз қазақ сияқты ғой»;

«Аман бол, қазақты көбейте бер»;

«Жарайсың келінжан, Қазақстанға көшіңдер»;

«Қазаққа ұқсайсың, бақытты болыңдар»;

«Жазира Байырбековаға ұқсайды екен»;

«Нағыз қазақтың келіні», — деп қолдау көрсетіп жатыр пікір жазушылар.