Тұрсынбек Қабатовтың әйелінің тағы бір қылығы жұртқа жақпай қалды

Мөлдір Мұқанованың жаңа образы мен сырт келбеті көп адамға ұнамай қалды, деп хабарлайды Экспресс К.

Фото коллаж: exk.kz

Әлеуметтік желі арқылы киімді жарнамалап, модель болғысы келген Мөлдір Мұқанова сынның астында қалды.

Пікір жазушыларға оның сырт келбеті, түр-пішіні ұнамаған сыңайлы.

«Модельге арықтау керек қой, көйлек ашылмай тұр;

Онша жараспайды, арықтау керек;

Кішкене болсын диетаға отырмай ма?;

Денесі ұзын, бұты қысқа, жараспайды екен;

Иығы онсыз да үлкен, көйлек келмейді; Бәрі жақсы, бірақ 10 келі тастау керек», — деп жазған жұрт.

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі үнемі даулы жағдайларға қалып жатады. Бұған дейін Мөлдір Мұқановамен айтыскер Айшолпан Тілеутай сыйыспай, оның продюсерлік орталығынан кетіп қалған еді.