Айтыскер ақын Серікзат Дүйсенғазының 16 жасар ұлы қайтыс болды

Белгілі айтыскер ақын Серікзат Дүйсенғазы ұлынан айырылып қалды. Бұл туралы блогер Оңғар Қабден Facebook парақшасына жариялады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

«Қазақтың аяулы ұлы Серікзат Дүйсенғазы ұлынан айырылып қалды. Жаратқан сабыр берсін! Қайғыңызға ортақпын аға!» - деп жазды Оңғар Қабден.

Серікзат Дүйсенғазы отбасымен жаңажылдық мерекеге орай демалысқа барған. Сол кезде ұлы оқыста шаңғыдан құлап, қаза тапқан.