«Қазақтың жігіті табылмады ма?» Көпшілікке сүйіктісін көрсеткен актриса сынның астында қалды

Қалың көпшілікке «Джейран» тобында өнер көрсетіп танылған Фариза Ескермес сүйіктісін көрсетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Актрисаның таңдауы қазаққа емес, орыс жігітіне түсіпті.

«2022 жыл керемет болды. 2023 жылды сенімен қарсы алатыныма қуаныштымын, көккөзім. Алла қаласа, әрқашан сенімен бірге боламын», – деп жазба қалдырды Фариза.

Өнер иесінің сүйіктісі Андрей есімді орыс жігіті болып шықты. Желі қолданушыларына қазақ қызының бұл таңдауы жақпай қалған көрінеді.

«Бір қазақтың табылмағаны ма?», «Сізді өзге ұлтқа қимаймын», «Әке шешесі қайда қарап жүр екен?», «Тоқал болуға, өзге ұлтқа тұрмысқа шығуға құмар осылар», – деп жазды желідегілер.

Актриса да өз кезегінде өзіне шүйліккендерге жауап берді.

«Қазақ табылмады ма?» деп жазғандар, мен сендерді аяймын. Демек, сендер шын махаббатты сезініп көрмегенсіңдер. Сендерге белгілі бір қиындықтардан өтіп, біреуді айыптауды тоқтатып, зұлымдықтан арылу керек. Мүмкін сонда ғана махаббатта жолдарың болар. Менің жақындарыма тиіспеңдер. Ата-анам мен сүйіктімді ренжітіп қойып, қарап отырмаймын. Мені сөгетіндей сендер кімсіңдер? Керісінше, рахаттанып өмір сүріңдер, сүйіңдер, бір-біріңе махаббат сыйлаңдар. Жамандаудан шаршамадыңдар ма?» – деп жазды Фариза.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Fariza Yeskermes (@fariza_yeskermes)